Май ауданының жаңа әкімі таныстырылды

 

 

Облыс басшысының өкімімен Май ауданының әкімі болып Қадылжан Сәтиев тағайындалды дейді irbistv.kz тілшісі

 

Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды.

 

- Менің өкіміммен Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы Май ауданының әкімі лауазымынан босатылды. Ол облыстың жергілікті атқарушы органдары жүйесінде жаңа қызметте жұмысын жалғастырады, - деді облыс әкімі.

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихатының келісімі бойынша, Май ауданы әкімі болып Қадылжан Қайырбекұлы Сәтиев тағайындалды.

 

Еңбек жолын 2005 жылы жеке секторда бастады. Мемлекеттік қызметті 2009 жылы «Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бас маманы болып бастады. Бұл басқармада маманнан басқарма басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті. 2021 жылдан бастап «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.

 

фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі