Медициналық сақтандыру қорының төлемі артты

Елімізде айлық есептік көрсеткіш және ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланыcты міндетті әлеуметтік өзгерді. Айта кетейін, жарна көлемі бұрын 3000 теңге болған.

 

Өткен жылы ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгені құраса, биыл жаңа жылдан бастап мөлшер 70 мың теңгеге өскен. Сол себептен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы 3500 теңге болмақ. Мамандар жарналар бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады дейді, себебі олар МӘМС туралы заңмен бекітілген.

 

-Мысалы, дербес төлеуші бойынша жарналар мөлшерлемесі 1 ең төменгі жалақының 5%-на тең. Және бұл мөлшерлеме ешқашан өзгермейді, Бірақ, соңғы сомаға әсер ететін ең төменгі жалақы мөлшері өзгеретін болады,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмысы және азаматтардың жүгінуі бөлімінің басшысы Азамат Байтенов.

 

Аталмыш жарналар айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі жалақы мөлшеріне тікелей байланысты. Ал өткен жылдың желтоқсан айындағы ақпаратқа сәйкес өңіріміздегі 750 мыңан атсам тұрғынның 130 мыңы сақтандырылмаған екен.