• Басты бет
  • Экономика
  • Металлургттер күніне орай «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ да қызметкерлерін марапаттады

Металлургттер күніне орай «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ да қызметкерлерін марапаттады

 

 

Қазақстан электролиз зауытындағы құрмет тақтасы 14 озық қызметкердің суретімен жаңартылды. Мұндағы рәсімнің ең қуанышты сәті – кәсіби мамандарды құрметтеу болды. Себебі, олардың қажырлы еңбегі мен күш-жігерінсіз өндіріс мүмкін болмас еді.

 

-Осы күні еңбек жолдарыңызды біздің кәсіпорында бастауды таңдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Жас маман болып бастаған сіздердің суреттеріңіз құрмет тақтасына қойылды. Сіздерге бақыт, қауіпсіз еңбек жағдайларын, бейбіт аспан тілеймін, мереке құтты болсын!,-деді «ҚЭЗ» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Александр Клименко.

 

Ал мерекеге орай марапатталған үздіктер қатарында Жандос Мирхиев та бар. Жетекші өндірісте ол 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Маман құрмет тақтасына өз суретінің қойылуын көптен армандағанын жеткізді. Ол жетекші кәсіпорынды екінші үйі деп санайды.

 

- Бастықтарым бәрі керемет адамдар. Қолдау беріп отырады әрдайым. Зауыт енді дегенмен зауыт қой. Қиын жұмыстар көп өте. Оңай жұмыс жоқ. Металлург болу үшін мінезің қатты болу керек. Әріптестеріме келе жатқан металлург күні құтты болсын. Әрдайым өсіп, өңіп жүре беріндер. Еңбектерін адал, жемісті болсын,-деді «ҚЭЗ» АҚ электродтарды өндіру бойынша цехы алюминий өндірісі автоматтандырылған үдерісінің операторы Жандос Мирхиев.

 

 

Ал Даңқ стелласы операторлар, лаборанттар, эксперттер мен жастар саясатын дамытуға белсенді түрде араласатын мамандардың суреттерімен көркейді. Әр қызметкер Қазақстан электролиз зауытында еңбек ету зор мақтаныш, қажырлы еңбек пен үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.