Новочерноярка ауылының бірқатар ғимараттары орталық жылуға қосылды

- Біз мұнда 10 жыл тұрдық биыл осы үйден көшіп кеткіміз келді. Себебі ешқандай жағдай жоқ, апатты үй болды. Біз оны шамамыз келгенше сақтап қалуға тырыстық. Кейде сонда да кірпіштерді, біресе басқасын. ұрлап кететін, -дейді Новочерноярка ауылының тұрғыны Татьяна Жатько.

 

Ақпан айында орталық жылуды тарту туралы айта бастады. Тек жаздың соңында нақты шараларға көшті. 1 қарашадан жергілікті әкімдік, мәдениет үйі, мектеп пен балабақшада, екі екі қабатты үйде  және төрт қабатты ғимараттардың барлығында жылытыла бастады. Адамдар пәтерлерге батареяларды өз ақшасына орнатқан.

 

-Жылумен қамту инфрақұрылымы толығымен қалпына келтірілді. Батареялар мен жабдықтар қайта орнатылды. Бір бөлмелі пәтерде тұратындар 118 мыңдай тапсырды. Екі бөлмелі 183 мың, үш бөлмелі 223 мың теңге берді, - деп мәлімдеді ЖШС директоры  Анзор Абубакиров.

 

Қазір жылуды реттеу жұмыстары жалғасуда. Екі аптадан соң температура тәртібі қалыпқа келеді. Ал орталық кәріз бен су кейін болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.