• Басты бет
  • Экономика
  • Облыс әкімі шенеуніктерді жұмыртқа құнын тиісінше бақыламағаны үшін сынға алды

Облыс әкімі шенеуніктерді жұмыртқа құнын тиісінше бақыламағаны үшін сынға алды

Кәсіпкерлік басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар облысындағы 13 әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құны орташа республикалық бағадан төмен. Сонымен қатар, бізде күріш, тауық еті, қант, тұз, бірінші санаттағы жұмыртқа басқа аймақтарға қарағанда қымбатырақ. Соңғылары бойынша құс фабрикаларынан оны 420-440 теңгеден босатылады. Қажетті мөлшерден 20 миллион данаға артық өндіреді. Асайын Байханов аталмыш сұраққа қатысты наразылығын білдірді.

 

-Дүкен сөресінде неге 670 теңгелік жұмыртқа тұр? Бұл мәселеге тыңғылықты араласпағандықтын айқын белгісі. Жағдайды бетімен жіберген соң, бұл үшін жағымды баға алғыларыңыз келеді ме? Логистика мәселесін дұрыс ойластыру керек. Барлық қалалар мен аудандарда бірдей баға қоюды талам етіп жатқан жоқпыз, әрі кәсіпкерлерді қыспаққа алу мақсатымыз жоқ,-деп жеткізді аймақ басшысы.

 

Шенеуніктер қалалардағы барлық әлеуметтік дүкендердебағаның бір деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатқандығын айтты. Үстеме баға 15%-дан аспауы тиіс, ал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан босатылатын тауарлар 10%-дан аспауы керек. Облыс әкімі апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды. Яғни, оның ішінде қандай бағамен сатып алынғанын және нәтижесінде қанша сатылатындығын тексеру көзделмек.