Облыста салық қарызы бар біржарым мыңнан аса тұлғаның мүлкіне тиым салынды
Өңіріміздегі тұрғындардың жалпы қарыз көлемі 813 миллион 593 мың теңгені құрайды екен. Оның басым бөлігі көлік төлеміне қатысты екен. Темір тұлпары үшін жерлестеріміз 701 миллион теңгеден астам ақша қарыз екен. Ескертулерге мән бермей жүргендерге, жеке сот орындаушылары қатаң шаралар қолданады.
- 1650 берекшекке жылжымайтын мүлкіне тиым салу, 1946 берешекке автокөлігіне тиым салу, 2666 тұлғаға банк шоттары бұғатталды, 261 азаматқа шетелге шығуға тиым салынды, 5 автокөлік айыппұл тұрағына шығарылды,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Галина Бирюкова.
Бұл ретте, жақын адамдардың салық қарызын өтеу үшін қолдау көрсетуге бар мүмкіндік жасалған дейді мамандар.
-Салық төлемі жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы жүзеге асады, яғни, балалар ата-аналары үшін, кез келген адамның салығы үшін төлемді өзге біреу де еркін жасай алады, тек нөмірді мобильді қосымша арқылы енгізсе болғаны. Ал тұрғын үйге, жерге, қандай да бір мүлікке басқа жақындарыңыздың ие болу құқығы бар болса, оларға дам салық төлемі жөнінде міндет туралы хабарлама келуі мүмкін,-деп жеткізді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Галина Бирюкова.
Айту керек, өткен жылғы салық қарыздары үшін 250 мыңға жуық азамат 321 миллион теңгеден астам соммасына төлем жасаған екен.