Облыста зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген қанша адамға әлеуметтік төлем берілді?
Өңірімізде 48 мыңғы жуық адам жұмыс істеп жатыр, олардың ішінде мыңнан аса азамат биыл арнаулы әлеуметтік төлем ала бастаған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жыл басынан бері зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындала бастады. Облыста 48 мыңға жуық жерлесіміз сондай өндірісте қызмет етуде.
- Өңірімізде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеп жатқан 1100 азамат тіркелді. Сонымен қатар, 240-қа жуық адам бұрын зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені туралы өтініш білдірген. Барлығы екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлем алып жатыр. Сомма орташа 200-ден 300- мың теңге көлемінде,-деді «БЖЗҚ» АҚ ПОФ-ның директоры Владимир Питраков.
Айту керек, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына биыл облыс тұрғындарынан нысаналы пайдалану – тұрғын үй жағдайын жақсартуға 100 мыңнан астам өтініш түсіп, салымшылардың шоттарына 100 млрд.теңгеден астам сома аударылса, емделуге 27 мыңнан аса өтініш түсіп, 16,6 млрд .теңгеден астам қаражат аударылған.
Фото: Freepik.com