Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар дүкендерінде арнайы белгісі бар жұмыртқалар сатылып жатыр

Экономика

101
Өңірдегі бірқатар тауар өндірушілермен жұмыртқа бағасына қатысты мемарандумдар жасалды.

Соның арқасында әлеуметтік дүкендерде он данасы 396 теңгеден саудаланылуда. Әр өнімге арнайы белгі қойылған.

 

- Осыған дейін әкелінген жұмыртқалардың кей бөлігі тиісті бағада сатылған жоқ. Сол себепті арнайы таңбаны басуды қолға алдық. Облыстағы қос бірдей құс фабрикасы арқылы әлеуметтік баға бойынша осы ай көлемінде 500 мың дана жұмыртқа жеткізіледі. Әр ондығы 396 теңгеден, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулен Кабдушев.

 

Кәсіпкерлік басқармасы тұрғындардан осындай белгісі бар тауарлардың жоғарғы бағамен сатылып тұрғанын көрсе, бірден хабар беруін сұрайды. Бұл ретте, шаһар тұрғындары әртүрлі пәкәрде. Біреулері бұл бағаның өзі қымбат десе, екіншілері осыған да шүкір дейді. Алдағы уақытта жұмыртқа бағасын оңтайландыру шарасы кеңейтілмек. Тұрақтандыру қоры 2 миллион данасын сатып аламыз деп отыр. Кейіннен байқау нәтижесі бойынша нақты бағасы анықталады. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()