Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар дүкендеріне қойылатын арзан жұмыртқаның арнайы таңбасы болады

Экономика

104
Жұмыртқалардың төмендетілген бағамен өткізілуін қадағалау үшін өнімге арнайы таңба жасалды. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік басқармасы мәлім етті. Бұдан бөлек, мамандар облысымыздағы азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандыруға қатысты өзге шаралар жайлы да айтты.

Облысымызда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 15 санаты бойынша баға орташа республикалық деңгейден төмен. Бұдан бөлек, ұн, қарақұмық, картоп пен сәбіз бойынша бағалары төмен аймақтардың бестігіне кіреміз деді кәсіпкерлік басқармасының өкілдері. Бұл ретте, картоп 104 теңге, сәбіз 102, пияз 88 және қазір құны арзандаған орамжапырақ 86 теңгеден өткізілуде.

 

- Қазір көкөністер еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілуде. Бірақ, шілде айының ортасында біз жергілікті өнімдерге қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаев.

 

Ал қарақұмықты әзірге тек ресейден әкелуге мүмкін болғандықтан бағасы 342 теңгені құрайды. Нарыққа жергілікті өндірушілер шыққанда құны тұрақтайтын көрінеді. Қант 265 теңгеден өткізілуде. Бұдан бөлек, бағаны тұрақтандыру жөніндегі брифингіде көпшілік үшін өткір мәселе, жұмыртқаның саудалануы да сөз болды. Жақында құс фабрикаларымен келісілген меморандум бойынша әзірге дүкендерге жарты миллион арзандатылған жұмыртқа көлемі жеткізілуде.

 

- Тауар өндіруші жұмыртқаларға «СЦ», яғни әлеуметтік баға дегенді білдіретін таңба жасады. Өңір тұрғындары сондай таңбасы бар жұмыртқаны алған кезде, өнім 396 теңгелік төмендетілген бағамен өткізілуі тиіс. Егер одан артық бағамен орнатылып жатса,  алып-сатарлық дерегі бойынша бізге хабарласқан жөн. Сауда нүктесі жауапқа тартылады, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулен Қабдуш.

 

Сонымен қатар тұрақтандыру қоры 2 миллион дана жұмыртқа сатып алу конкурсын жариялады. Аталмыш қор арқылы, дүкен сөрелеріне қосымша  төмендетілген баға бойынша өнім ұсынылады. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()