Павлодар дүкендеріндегі көкөністердің бағасы қандай?

Әр сейсенбі сайын Павлодардағы әлеуметтік дүкендерде картоп 150 теңгеден, ал сәбіз 270-ден саудаланады. Бұл қалалық кәсіпкерлік бөлімі бастамасымен  ұйымдастырылған келісім аясында жүзеге асырылуда. Сауда орындары әдетте, 15-10%-дық үстемені 5-6% дейін төмендеткен.

 

- Шаруа қожалықтары өз көкөністерін, картоптарын осы жылдың басындағыдай әлеуметтік дүкендерге әкелуді жоспарлап отыр. Сүт өдірушілерімен де меморандум жасасқанбыз. Ол кісілер де біздің әлеуметтік дүкендерге төмен бағамен жіберіп жатыр. Әр сейсенбі сайын акциялар өткізіп жатырмыз, - дейді Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Абдрахманов.

 

Жалпы көкөністер соңғы кезде әлдеқайда арзандаған. Ол Черноярка, Павлодар ауданындағы шаруалардың биылғы алғашқы өнімдерін сатылымға шығарғанына байланысты дейді шенеуніктер. Ал кейбір әлеуметтік азықтың құны керісінше өсе бастаған.

 

- Картоп бағасы 500 теңгеден 100 теңгеге дейін түсті, сәбіз 700-ден 270-200 арзандады. Пияз, орамжапырақ бағалары түскенін байқаудамыз. Қанттың бағасы, күнбағыс майы бағасының өсімі байқалуда және жұмыртқа бойынша біраз байқалып жатыр, - деді Нұрлыбек Абдрахманов.

 

 

Сонымен қатар кәсіпкерлік бөлімі мәлім еткендей, осы аптаның соңында Аққулы ауданының шаруалары алғашқы қарбыздарын қалалық дүкен сөрелеріне жеткізеді деп жоспарлауда.

 

Авторы: Дархан Бекишев