Павлодар маңындағы ауылда 30 көшеге жаңа асфальт төселді

Павлодарское ауылында 30 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық жол пайдалануға берілді, ал жаңа жабынның сапасын «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары тексерді, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Павлодар филиалының мәліметінше, жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңде олардың мамандары тексеруге 17 рет шығып, жол-құрылыс материалдарынан 64 сынама алған. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша барлық үлгі нормативтік талаптарға сәйкес келген. Жөндеу жұмыстары төрт кезеңде жүргізілді. Бірінші, екінші және төртінші кезеңдерді «ПКФ ГОРДОРСТРОЙ» ЖШС, ал үшінші кезеңді «Павлодаржолдары» ЖШС орындады.

 

– Жөндеу жұмыстары басқа елді мекендерде де жүргізілуде. Мәселен, Атамекен ауылында Болашақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, Мойылды ауылында Мектеп және Алаш Орда көшелері жөнделді. Кенжекөлде төрт көше жөндеуден өтті. Сондай-ақ Сәтбаев – Кенесары хан, Алтынсарин – Кенесары хан көшелерінің учаскелерінде, сондай-ақ Молдағұлова және Байтерек көшелерінде жұмыстар аяқталды. Жетекші ауылында ұзындығы 1,8 шақырым Торайғыров көшесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Аталған нысандардың барлығы аяқталып, пайдалануға берілді, – деп хабарлады «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Павлодарлық филиалында.

 

Ақсу қаласында биылғы маусымда бес көшеге: Әуезов, Строителей, Пушкин, Чкалов және Б. Момышұлы көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Әуезов көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Строителей көшесінде инженерлік құбырларды ауыстыру қажеттілігіне байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды.

Жалпы, Павлодар облысында осы жол маусымында жергілікті жол желісінде 99 жоба жоспарланған. Олардың жалпы ұзындығы 332 шақырымды құрайды.