• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылында заманауи «Монолит» автожанармай құю станциясы ашылды

Павлодар маңындағы Кенжекөл ауылында заманауи «Монолит» автожанармай құю станциясы ашылды

 

 

Павлодар қаласы маңындағы Кенжекөл ауылындағы жаңа әрі заманауи «Монолит» автожанармай құю станциясында ұзақ жолдан демалып, қажетті қызметтердің барлығын бір жерден алуға болады деп хабарлайды irbistv.kz.

 

«Monolit» АЖС-ның заманауи әрі ерекше дизайны бірден назар аударады. Құрылыс барысында сапалы және экологиялық таза материалдарға басымдық берілген. Сонымен қатар аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлініп, түрлі жасыл желектер мен өсімдіктер отырғызылған. Ал жазғы терраса келушілерге жағымды атмосфера сыйлайды.

 

-Мұнда жанармайдың барлық түрі ұсынылады. Сонымен қатар қажетті тауарлардың кең ассортименті қолжетімді бағамен сатылады. Алайда жанармай құю станциясының басты ерекшелігі — көлікке жанармай құюмен қатар, жолда толыққанды демалуға мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуы, - дейді «MONOLIT» АЖС желілерінің қызметкері Әсемгүл Нұржан.

 

Келушілер хош иісті кофе немесе ыстық шай ішіп, дәмді әрі ыстық тағамдардан ауыз тиіп, әрі қарайғы сапарға күш жинай алады. Ұзақ сапарға шыққандар үшін таптырмас мүмкіндік. Жолаушылардың жайлылығы үшін санитарлық тораптар, душ бөлмелері, кір жуатын орын және намазхана қарастырылған. Балалы отбасылар үшін де барлық жағдай жасалған. Мұнда ана мен балаға арналған арнайы бөлме және балалар алаңы бар. Сондықтан бұл кішкентайлардың да сүйікті орнына айналған. Ал жүк көліктерінің жүргізушілері үшін жеке тұрақ ұйымдастырылған. Велосипедпен жүретіндер де назардан тыс қалмай, арнайы велосипед тұрағы қарастырылған.Ал жаңа жанармай құю станциясына келушілер станцияның тазалығын, заманауи дизайнын, қызмет көрсету сапасын, қолжетімді баға мен ұсынылатын қызметтердің көптігін жоғары бағалауда.

 

-«Monolit» жанармай құю станциясының тұрақты клиентімін. Маған бензиннің сапасы ұнайды. Сонымен қатар тамаша сервис. Келіп тамақтанып, жуынып демалуға болады. Азық-түліктің, сусындардың мол таңдауы бар. Әрлі-берлі өткен сайын отбасыммен соғып тұрамын, - дейді «MONOLIT» АЖС желілерінің клиенті Руслан Аринов.

 

«Monolit» — автокөлікке ғана емес, адамға да қамқорлық жасайтын заманауи демалыс орны. Қысқаша айтқанда сапа, жайлылық, заманауи сервис.