Павлодар машина жасау зауытында 120 күнде бірегей кран жинады

 

 

Павлодар машина жасау зауытында тағы бір ауқымды жобаны жүзеге асырды. Баламасы жоқ кран дайындап шығарды. Инженерлер тапсырыс берушінің барлық ұсынысын ескеріп, инновациялық технологиялар енгізген.

 

«ERG Service» АҚ павлодар машина жасау зауытында Павлодар машина жасау зауытында 120 күнде бірегей кран жинады. Ол сусыма материалды тасымалдауға арналған. 20 тоннаға дейін жүк көтере алады. Биіктігі - 22 метр.

 

-Кран мамандандырылған, грифельді, өзі ауыр салмағы 80 тонна. Ұзындығы 34 метрге дейін жетеді. Оған жиілік жетегі орнатылған. Кранды жиілікті түрлендіргіш арқылы басқаруға болады. Анкерлік желі қолданылған. Әрі қарай да барлық крандарды қауіпсіз болуы үшін осындай пайдаланылады,-деді «ERG Service» Павлодар машина жасау зауытының директоры Евгений ИВЧЕНКО.

 

Кран жобасын машина жасау зауытының конструкторлық-технологиялық бөлімінде дайындаған. Сызбада ол осындай. Есептен бір миллиметрге де ауытқымаған. Нәтижесінде мінсіз құрылым пайда болды.

 

-Тапсырыс беруші релсті бекітуді сұрады. Біз оны жобаға енгізіп, тапсырыс берушілерге орнатып бердік. Ол жақында ПМЖЗ аумағына келіп көрді. Оған барлығы ұнады,-деп мәлім етті «ERG Service» Павлодар машина жасау зауытының жүк көтеру механизмдерін жобалау бойынша менеджері Николай ЗАЙЧЕНКО.

 

Конструкторлық-технологиялық бөлім инженерлері тапсырыс берушінің кез келген ұсынысын қарастыруға дайынбыз дейді. Өз жаңашылдықтарын да енгізеді. Кәсіпорында ең батыл жобаларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер мен жабдық бар.