Павлодар машина жасау зауытында балаларға арналған экскурсия өтті

Кәсіби мейрам қарсаңында Павлодар машина жасау зауыты жұмысшыларының қонақтары – бала-шағасы. Олар өндірісті өз көздерімен көріп қайтты. Экскурсия мамандардың қарамағында, қатаң қауіпсіздік техникасын сақтау арқылы өтті.

 

Елімізде машина жасаушылар күні қыркүйектің соңғы жексенбісі тойланады. Осы жылы кәсіби мереке 25-не түсті. Ал ERGService құрамына кіретін павлодарлық өнеркәсіп орнында мерекелік көңіл күй орнап тұр. Ал жұмыс күндеріне балалар рең берді. Олар үшін өндіріс аймағында экскурсиялық бағдарлама дайындалды. Бұған дейін қауіпсіздік техника жадынамасын зерттеп, егжей-тегжей нұсқаулықты тыңдады.

 

-Өте қызық ой, маған ұсынғанда, қобалжып кеттім, балаларға бұнда қандай қызық бар деп ойладым. Кейін, үйге келгесін, балалардан сұрадым, экскурсияға ұсыныс түсті дегенмін, олар қуанып кетті, кейін ішімнен ойладым, неге болмасқа, әкелері қалай еңбектенетінін көрсін дедім,- мәлім етті «ERGservice» ЖШС Павлодар машинажасау зауытының пресстегі металл кесушісі Камобек Арғынбаев.

 

Камобек Арғынбаев өндіріске дайындық аймағында, қайшы мен прессте жұмыс жасайды. Қарапайым сөзбен айтсақ, металлды қажетті өлшемге дейін кесумен айналысады. Балаларды өндіріс ауқымы таң қалдырды, ал әкелерін ерекше мақтан тұтатындарын айтты.

 

-Тамаша болды, маған қатты ұнады. Келген кезде, бұнда металлды кесетіні жайлы білдім,-деп ойымен бөлісті балалардың бірі.

 

Бұндай әсерді тек қана бүлдіршіндер ғана емес, Павлодар машина жасау зауыты жұмысшыларының жұбайлары да алды. Жиналғандардың көпшілігі өндіріс орнындағы экскурсияға алғаш рет келіп отыр. Ең алдымен олар еңбек жағдайының жоғары сапасы мен құрал-жабдықтардың жоғары технологиясын атап өтті.

 

-Бастысы мен баламен болдым, оған өте қатты ұнады. Ол қазір 11-ші сыныпта оқиды, алда мамандық таңдау күтіп тұр. Енді бүгін, әке ізін басып, газ кесуші боламын деп шешті,-дейді Ляззат Ахмерова.

 

Экскурсия балаларға арналған шеберлік сабағымен аяқталды. Бірер уақытқа олар да машина жасаушы болды. Бірақ шын құралдардың орнын тәтті тоқаштар басты. Алайда бұл науқанның ең ұмытылмас сәті-өнеркәсіп орнына саяхат .

 

- Маған зауытты аралап, түрлі бөлшектерді көрген бәрінен алдын есте қалды,-деп жеткізді Анастасия Каменских.

 

Ертең бұл мереке тағы жалғасын табады, бұнда өндіріс ардагерлерін мадақтап, құрмет тақтасының ашылуы жоспарлануа.