Павлодар машина жасау зауытының өндіріс озаттарын марапаттады

 

 

Павлодар машина жасау зауытының жұмыскерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Осы орайда өндірісте үздік қызметкерлерді марапаттады. Зауыт ғимараты жанындағы құрмет тақтасына жаңа еңбек озаттарының суреттері ілінді. Айта кету керек мұндай жоғары құрметке ие болғандардың барлығының жалақысына қосымша үстеме ақы төленеді.

 

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда машина жасаушыларға құрмет көрсетеді. Павлодарда аталмыш салаға қатысы бар жандардарды кәсіби мерекемен құттықтады. Бүгін мұнда құрмет тақтасында жаңа есімдер белгілі болды. Оларды «ERG Service» ЖШС бас директоры өзі құттықтады.

 

-Біз сіздермен үлкен іс атқарып жатырмыз. Металлмен жұмыс істеп, ERG тобының кәсіпорындары үшін маңызы зор өнімді шығарамыз. Алдымызға қойылған кез келген міндетті лайықты алып шығамыз. Біздің ұжым ең мықты, тату және білікті мамандардан тұрады. ERG, «ERG Service» тобының машина жасау кешені кәсіпорынларында жұмыс істейтін барлық адамдармен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын,-деді «ERG Service» ЖШС бас директоры Сергей ПЕРЕПЕЧИН.

 

Нұрсұлтанның айтуынша, өндіріс озаттарымен бір қатарда болуға лайықты екенін дәлелдеу үшін оған бар болғаны үш жыл кеткен. Мұндай құрмет бізді одан әрі сапалы жұмыс істеуге ынталандырады дейді инженер технолог.

 

-Осы ұйымда істеп жатқаныма үш жыл болды. Және осы марапатты алғаным басшыларымның арқасында. Олардың бізге нақты берген тапсырмасы арқасында. Өзіміздің жоспарым бойынша істеп жатырмын. Әрі қарай жалғастыруға ниет етемін,-деп жеткізді «ERG Service» ЖШС конструктор бөлімінің инженер-технологыНұрсұлтан МУНДУИНОВ.

 

Айта кету керек, бұл адамдарға марапаттан басқа жалақыға үстеме төленеді. «Біздің болашағымыз» тақтасында суреті ілінген еңбек озаттарына он пайыз, «Құрмет тақтасындағыларға» 15 пайыз қосылады. Биыл мұндай ерекше құрметке ие болған жандардың саны - 12.

 

-Бүгін мұнда басшылары үздік деп тапқан жандар жиналып отыр. Сіздер біздің бір мақсатты жүзеге асыруға үлес қостыңыздар! Барлықтарыңызды құттықтаймын. Өз тәжірибелеріңізді әрі қарай табыстаңыздар! Биыл екі адамға өндіріс озаты деген марапат беріліп отыр. Және мұнда болашағынан зор үміт күттіретін жастар бар,-дейді «ERG Service” ЖШС Павлодар машина жасау зауытының директоры Евгений ИВЧЕНКО.

 

Павлодар машина жасау зауытының жұмыскерлері өздерін үлкен отбасы деп атайды. Тату ұжыммен аталмыш саланы дамытуға зор үлес қоса аламыз дейді. Владимир Дубтың мұндағы еңбек жолы алты жыл бұрын басталған.

 

-Менің еңбегім осылай жоғары бағаланып жатқанына өте қуаныштымын. Бұл өте үлкен ынталандыру. Әрі қарай алға ұмтылып, осымен тоқтамай тек биік белестерді бағындыруға деген құлшынысым артты,-деді «ERG Service” ЖШС дайын өнімдерді сату менеджері Владимир ДУБ.

 

Мерекелік шара соңында ERG Service ЖШСмашина жасау зауыты қызметкерлері үшін концерт ұйымдастырылып, онда да бір кәсіпті дамытуға күш салғандарға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.