• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар мен Ақсу көпқабатты үйлеріндегі электр құралдары күтімін кім қамтамасыз етуде?

Павлодар мен Ақсу көпқабатты үйлеріндегі электр құралдары күтімін кім қамтамасыз етуде?

«Павлодар электржелістік тарату компаниясы» АҚ «Қалалық электрлік желілер кәсіпорынның» апаттық бригадасы көмекке келеді. Компания 20 жылдан аса Павлодар және Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің электр құралдарының күтімін қамтамасыз етуде.

 

«Қалалық электрлік желілер кәсіпорнына» күнделікті 100-ден аса қоңырау келіп түседі. Диспетчер маманы өтінішті қабылдап, апатты бригада бірден мекенжайға жол жүреді. Олар көпқабатты үйге тиесілі кіреберістің ішінде және сыртында, жертөледе орналасқан жарықшамдар мен басқа да электр құралдары бойынша қызмет көрсетеді. Тұрғындар компанияның жұмысына жоғары бағасын беруде.

 

- Біздің ұйым 29 үйге қызмет көрсетеді. «Қалалық электрлік желілері» компаниясымен 2007-ші жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Олар біздің үйлердегі электр құралдардың күтіміне жауап береді. Кәсіпорында кәсіби біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Оларға ешқандай шағым жоқ,-деді қызмет көрсетуші ұйымның төрайымы Галина Алина.

 

Энергетиктер барлық қажетті құрал-жабдықтармен және арнайы техникамен жабдықталған. Мәселен, бұл көпсалалы көліктегі электр зертханасы. Оның көмегімен жер астында немесе сыртта орналасқан зақымдалған телімді жылдам табуға болады. Сонымен қатар, кәсіпорын еншісінде биіктікте жұмыс істеуге арналған автомұнара да бар.

 

- Біздің ең негізгі мақсатымыз – бұл тұтынушыларды сапалы электрмен жабдықтау болып табылады. Аталмыш мақсатты орындау үшін кәсіпорында арнайы лицензиясы бар және тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл диспетчерлік орталығы да қызмет етуде. Біздің компания электр құралдарының күтімі бойынша кез келген жұмыс көлемін орындауға дайын. Кіреберістегі электр қалқанындағы зақымдалудан бастап, үйге ортақ желілерді толықтай жаңартуға дейінгі,-деді «Қалалық электрлік желілер кәсіпорынның» бас инженері Николай Новиков

 

Айта кетсек, «Қалалық орамішілік электр желілері кәсіпорны» Павлодар және Ақсу қаласындағы көпқабатты үйлердің 70 пайызына қызметін көрсетеді. Өтініштерді тәулік бойы 61-38-70 және 61-38-71 нөмірі бойынша қабылдайды.