Павлодар мен Екібастұзда Белорус аяқ-киімдер жәрмеңкесі өтеді

 

 

Қала тұрғындарының көңілінен шыққан Беларусь елінің аяқ киімдері жәрмеңкесі 3–9 қараша аралығында өтеді. Бұл — қысқы жаңа үлгілерді сатып алуға және күзгі модельдерді жеңілдікпен алуға тамаша мүмкіндік деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Белорус аяқ киімдерінің жәрмеңкесі биыл жаңа тауарлармен толықты. Алғаш рет өңір тұрғындарына қой жүнінен жасалған ұлтарақтар мен жылы шұлықтар ұсынылды. Сондай-ақ мұнда атақты Иваново тоқыма өнімдерінің кең таңдауы бар. Бір орында-ақ жастық, көрпе, төсек-орын жабдығын толық сатып алуға мүмкіндік бар.

 

- Бізде Иваново қаласынан келген төсек-орын жиынтықтары бар. Матасы — бязь, сәтен және перкаль,-дейді сату менеджері Алена Сотскова.

 

Дегенмен, жәрмеңкенің басты бағыты — беларус аяқ киімі. Ыңғайлы, сәнді әрі сапалы бұл өнімдердің барлығы табиғи материалдардан тігілген. Бағасы да қолжетімді. Мұнда күзгі үлгілермен қатар, қысқы жаңа топтама да сатылады. Жаңа аяқ киімдер ыңғайлы қалыпта тігілген, табаны сырғанамайтын, ал кейбір үлгілер кең балтыр мен биік табанға арнайы бейімделген.

 

- Бұл модель өте танымал және жақсы сатылады. Сырты — бұзау былғарысы, іші — қой жүні. Екі жағында замок бар. Табаны каучук, сырғанамайтын ойықтары екі бағытта жасалған,-деді сату менеджері Ирина Маслова.

 

Белорус аяқ киімі мен Иваново тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі 3–9 қараша аралығында өңірдің екі қаласында өтеді. Екібастұзда — Абай көшесі, 72-үйде (бұрынғы «Арал» дүкені, ABC Berkut маңында). Ал Павлодарда — Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайындағы сауда үйінің жертөлесінде орналасқан. Білікті мамандар келушілерді күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліссіз және демалыссыз күтеді.