Павлодар облысы трассалары жөндеуді қажет етеді
Қыстағы мол жауын-шашын кесірінен күрде жолдардағы шұңқырлар аз емес деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі. Трассадағы асфальтты қалпына келтіру үшін ең бірінші жолдың ондаған шақырымын тексеріп, кейін сол орынға техника жеткізу керек. Мамандар биыл жұмыс жеткілікті дейді.
- Қыстан кейін жолдың жағдайы сын көтермейді. Жауын-шашын көп болды. Сол себепті үлкен апаттық шұңқырлар пайда болд.ы қазіргі уақытта біз 184 шақырым желіге қызмет көрсетеміз. Шұңқырларды жамау, жарықшақтарды бітеп, жол белгілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп мәлімдеді «Кажсервис» ЖШС Павлодар облыстық филиалының ДЭУ-61 басшысы Тілек Абишев.
Қазіргі таңда аймағымыздареспубликалық трассаның 70 процентін жөндеген. Барлығы Павлодар облысында 1400-ден астам шақырым бар. Мамандарға оларды жамауға екі ай берді. Жұмыстарды 15 маусымға дейін аяқтауы тиіс