Павлодар облысы халқының саны азайған
Жыл басынан бері Ертіс-Баян өңірінен кеткендер саны 3879 адамды құрады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі ұлттық статистика бюросының ақпаратына сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 сәуірге Павлодар облысы халық саны 749 686 адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 534 142 адамды, ауылдықтар – 215 544 адамды құрады. Алғашқы 3 ай қорытындысы бойынша өңірде 1997 сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 1639 адам болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 358 адамды құрады делінген ұлттық статистика бюросының мәлімдемесінде.
-2025 жылғы қаңтар-наурызда облысқа келгендер саны 2189 адамды, облыстан кеткендер саны – 3879 адамды құрады. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 1690 адам. Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 183 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 113 адам, ал әлемнің басқа елдерінен 70 адам көшіп келді. Қазақстанның басқа өңірлерінен 2006 адам бізге көшіп келді, олардан 36,6% – Астана қаласынан, 10% – Алматы қаласынан,-деп жеткізді
2025 жылғы қаңтар-наурыз аралығында облыстан республика шегіне 70 адам, Қазақстанның басқа өңірлеріне 3809 адам көшіп кетті, олардан 54,7% – Астана қаласына, 9,6% – Алматы қаласына.
Фото: Freepik.com