• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысына жұмыс сапарымен премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов келді

Павлодар облысына жұмыс сапарымен премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов келді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен келіп, “Ақтоғай Milk” сүт-тауар фермасының жұмысы таныстырылды. Айту керек, аталмыш кәсіпорын қарамағында 1500-ға жуық ірі қара мал бар. Сонымен қатар, лауазымды тұлға өңірдегі күзгі жиын-терім науқанының қарқынымен де танысты. Премьер-Министр кеңесшісі ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігін және инвестиция тартудың маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, қала жұртшылығына танымал “Жайлау” базарындағы азық-түлік өнімдерінің бағалары мен сапасы да назардан тыс қалмай тексерілді.

 

Ералы Тоғжанов іссапар аясында бірқатар ауыл шаруашылықтарына және әлеуметтік нысандарға баруды жоспарлауда.