• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысынан Ресейге 4 миллион теңгелік майнингтік құрылғыларды заңсыз өткізбек болған

Павлодар облысынан Ресейге 4 миллион теңгелік майнингтік құрылғыларды заңсыз өткізбек болған

 

 

Павлодар облысындағы Қазақстан мен Ресей шекарасында құны 4 миллион теңгеден асатын майнингтік қондырғыларды заңсыз жолмен өткізу жолы кесілді. Бұзушылар компьютерлік құрылғыларды тасымалдауға тиым салынғандығын да білмеген болып шықты дейді irbistv.kz тілшісі

 

Успен ауданындағы «Найза» бекетінде Ресей мен Қазақстан азаматтары майнингтік құрылғыларды шетелге шығармақшы болған. Алайда, экспорттық жабдықтарда лицензия жоқ екені анықталды. Биткоин өндіруге арналған майнингтік 10 сервер әскери мақсатта қолданылуы мүмкін болғандықтан әкімшілік іс қозғалды.

 

- Аталмыш фактті шекара қызметі анықтап, материалды бізге жолдады. Ресей мен Қазақстан азаматтарына 55 мың теңгеден айыппұл салынды. Ал майнингтік жабдықтар тәркіленіп алынды. Олар аппеляцияға шағымданды, бірақ сот қаулысының тәркілеу бөлігінің күшін жоюға құқықтық негіз таппады,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев.

 

Мамандар шекараны асқанда өткізетін заттардың ерекшелігі бар тауарлар қатарына кіру мүмкін екендігін атап өтуде. Сондықтан мұқият болуға шақырады.

 

- Сырт жағынан қауіпті емес заттар екі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Соның бірі әскери қару жасауға жаратылуы ескерілу керек. Микросхема, бейнекамера сияқты қарапайым заттар ерекшелігі бар тауарлар санатына жатуы мүмкін. Мысалы мына жағдайда майнингтік құрылғы әскери мақсатта қолданылуы қауіптенуге негіз болды,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев.

 

Ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында екі мақсатта пайдаланылатын заттарға не жатататындығы elicense.kz немесе keden.kz сайттарынан білуге болады.