Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында үш күре жол ақылы болады

Экономика

7
Биылдан бастап өңіріміздегі республикалық маңызы бар жолдар ақылы түрде жұмыс жасайды.

Жиналатын қаражат есебінен тас жол сапасын арттыру, оның бойында жол-көлік оқиғаларына қарсы бағытталған шаралар, автоматтандыру мен қызмет көрсету деңгейін көтеру мақсаты қойылып отыр.

 

- Облысымызда 3 тас жол бойынша ақылы жүйе енгізу жоспарлануда: Нұр-Сұлтан қаласы, ШҚО және ресейлік Омбы қаласы бағыттары. Төлем жасау 1 және 2 мен 3 техникалық санаттағы автожолдарға қатысты. Қазір инвестор тарапынан автоматтандырылған 10 бақылау аркалары қойылды. Жүйе қоғамдық тыңдаулардан кейін іске қосылмақ, - деді «Қазақавтожол» РМК облыстық филиалының бөлім басшысы Әнуарбек Аманов.   

 

Қазір бір жылдық абоненттік төлем 1000 теңге көлемінде болады деп жоспарлануда. Ал наурыз айында бақылау бекеттері қойылатын аумақтарда қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, жолақы құны мен төлем жеңілдіктері нақтыланады. 1 шақырым -1 тг жүйесі қарастырылады. Айту керек,  Нұр-Сұлтан қаласы бағыты бойынша жүк көліктер мен жеңіл көліктер де төлем жасауға міндеттелмек, ал 2-ші техникалық санаттағы Омбы-Майқапшағай трассасы тек жүк көліктері үшін ақылы болмақ. Жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүріп, жолда толықтай тәулік бойы мониторингіден өтеді.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()