Павлодар облысында 1000 гектарға жуық картоп үсіп қалды

Дей тұра, көкөністердің басым бөлігі жиналып үлгерген екен. Ауа райы қолайсыздықтары күзгі жинау науқанына әсер етпей қоймайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарлық бағбандар қазанда орамжапырақты қардың астынан жинауға мәжбүр болды. Ал аграрийлер қоңыр күзде жиналатын қырыққабат сұрыптарының көбісі үсіп қалды дейді. Мысалы, Павлодар ауданында 60-70 га орамжапырақ жарамсыз болған. Сол сияқты үсіп қалған картоп көлемі де аз емес. Басым бөлігі жиналған.

 

- Картоп алқаптарының 97% -ы жиналды. Өзге 3% -ы қатқақ күндері үсік шалып, жарамсыз болып қалды. Бұл 1000 га жуық аумақты құрайды. Сәбіз әлі күнге дейін жиналып жатыр. Ал орамжапырақтың біраз бөлігі үсіп қалды. Көкөністің бұл түрі 1-2 күні суыққа шыдаушы еді, алайда минус 10 градусқа дейінгі суыққа төтеп бере алмайды,-деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов.

 

Күзгі жинау науқанын қазанда аяқтау жоспарланған еді. Алайда, күрт суытудың салдары аграрийлердің жұмысына әсер етпей қоймады. Өңірде ылғалдылық та көтеріліп, жерді тұман мен шық басты.

 

- Демалыс күндері алқаптарды тұман басып, ылғалдылық жоғары болды. Сондықтан аграрийлер дәнді дақылдар бойынша жұмысты уақытша тоқтатып, майлы дақылдарды жинауға ауысып кетті. Осы күні орташа өнімділік гектардан 13 центнерді құрады. Көрсеткіш жаман емес. Жұмыс жалғасады,-деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов.

 

Дегенмен, күзгі жинау науқаны толықтай аяқталуға жақын. Осы күні дәнді дақылдар, картоп пен көкөністер алқаптары қамтылып, енді негізгі жұмыстар тек майлы дақылдар бойынша жүргізіліп жатыр.