Павлодар облысында 176 жеке тұлға банкрот болып танылды

 

 

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң 3 наурыздан бастап күшіне еніп, сол уақыттан бері, несие мен түрлі қаржылай қарыздары бар азматтар кірістер депараментіне өтініштерін жолдауымен болды. Сол уақыттан бастап кез келген азамат банкроттыққа өтініш бере алады. Олардың басым бөлігі бекітілмейді.

 

-Бүгінгі таңда 2486 арыз келіп түсті. 1899-ы бекітілмей қайтарылды, 176-азамат банкрот деп жарияланды. 228 миллион теңгеден астам қарыздары есептен шығарылды,-деп жеткізді Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов.

 

Банкрот деп танылған тұлғаларға көптеген шектеулер қойлатындығын еске алған жөн. Мысалы, 5 жыл ішінде банктер мен қаржы ұйымдарынан несие алу мүмкіндігі болмайды. Жалпы, банкротқа өтініш беру үшін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 5,5 млн.теңгеден аспауы тиіс. Қарыз бойынша өтініш берілген кезде қатарынан 12 ай ішінде төлем жасалмаған болуы шарт. Сонымен қатар, тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы тиіс. Ал мерзімі өткен берешекті реттеу банкпен жүргізіледі. Бұл ретте, кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.