Павлодар облысында 500-ге жуық азамат банкрот деп танылды

 

 

Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаментінде мәлім етті. Есептен шығарылған қарыздар көлемі 600 миллион теңгеден асады екен дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Соттан тыс банкроттық – 1600 АЕК-ке дейінгі сома. Бұл санат бойынша павлодарлықтар смартфон, тұрмыстық техника, түрлі қажеттіліктерге тұтынушылық несие алуы мүмкін. Бірақ олардың көпшілігінің мүлкі бар болса, ең маңызды критерийіне сай келмейді. Осылайша, 2-3 миллион теңге қарызы бар, бірақ пәтері бар азаматты банкрот деп тануға болмайды. Өткен жылдан бері өңір тұрғындары өтініштерді белсенді жолдаған, алайда, көбісіне хаттары кері қайтарылды.

 

- Бүгінге дейін соттан тыс банкроттыққа 3700-ден астам өтініш берді, оның 491-і оң қаралды және есептен шығарылған қарыздар сомасы 673,3 млн.теңгені құрады. Кейбір павлодарлықтар өз өтініштерін кері қайтарып алды, бүгінгі күні олардың саны 135 адам,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Миргүл Мажимова.

 

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы шешімдердің ең көп саны Павлодарда -210 және Екібастұзда – 178. Айту керек, өтініш беру рәсімі павлодарлықтар үшін Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады, бұдан бөлек барлық ақпарат Telegram - да SalyqBot және 1414 байланыс орталығы арқылы да қолжетімді.