Павлодар облысында ағымдағы жылы алимент төлемей жүргендерден 36 миллион теңге өнідірілді
«Кибер-шериф» жүйесі арқасында полиция патрулі жолдардағы көліктерді нөмірлері бойынша бұзушылықтар бар-жоғын лезде анықтайды. Бұндай мүмкіндік алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді іздеп табуға үлкен септігін тигізеді. Өңірлік сот орындаушылары полициямен өткізетін рейдтер арқасында соңғы екі айда борышкерлерден 36 миллион теңге өнідірілді. Соған қарамастан жалпы қарыз көлемі азаятын емес.
-Қазіргі таңда Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының орындауында 23 мыңнан астам мемлекет пайдасына қарыздарды өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бар, оның 14 мыңнан астамы әкімшілік айыппұлдар туралы, жалпы сомасы 300 миллион теңгеге жуық,-деді Павлодар облысының жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Серік Мұхтар.
Рейдтер аясында ағымдағы жылы мемлекет пайдасына 23 миллион теңге өндірілді. Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысы жеке сот орындаушыларының орындауында 16 мыңнан астам алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бар.