Павлодар облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі
Павлодар облысында 1 маусымнан бастап ауыр жүк көліктерінің қозғалысына қойылатын уақытша шектеулер күшіне енеді деп хабарлайды irbistv.kz.
Бұл шаралар ыстық ауа райында жолдың сапасын сақтау үшін енгізілуде. Шектеу 15 тамызға дейін сағат 11:00-ден 21:00- ге дейін ауа температурасы +25°С-тен асқан кезде күшіне енеді.
- Асфальт ыстық ауа райында жоғары жүктеме әсерінен бұзыла бастайды. Бұл кезеңде ауыр көлік құралдарының қозғалысы жабынның бұзылып, шұңқырлар пайда болуына әкеледі, - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.
Тыйым салуды енгізу жолдардың сапасын сақтап, оларды жолдық барлық қозғалыс қатысушылары үшін қауіпсіз етеді.
Фото: Freepik.com