• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысында бруцеллез дертіне шалдыққан малдарға төлемдер жасалуда

Павлодар облысында бруцеллез дертіне шалдыққан малдарға төлемдер жасалуда

Бауыздау кезінде диагнозды растау үшін арнайы сынама материал алынып, Республикалық ветеринариялық зертхананың өңірлік филиалына жеткізілді. Оның ішінде тек біреуі ғана оң болып шықты. Басқарманың мәліметінше мал арасында аурудың одан әрі таралу және адамдар үшін қаупі жоқ. 

 

- Железин ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерінің ұйғарымымен шаруа қожалығы жұмысына шектеу қойылды. Республикалық эпизоотияға қарсы отряд кәсіпорын аумағында сауықтыру іс-шараларын өткізіп жатыр. Енді 15-20 күн сайын бруцеллезге зерттеулер жүргізіледі. Егер тесттің теріс нәтижесі қатарынан екі рет алынса, соңғы дезинфекция жасалып, шаруа қожалығынан шектеу шаралары алынып тасталады, - деді Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Апсаликов.

 

Павлодар облысының ветеринария басқармасының мәліметіне сай зардап шеккен тарапқа мемлекеттен қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 55 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ол үшін нарықтағы орташа ет бағасының көлемі анықталып, арнайы комиссияның отырысынан кейін 30 пайыздық мөлшерде қайтарылады. Жалпы өңірде мал ауруына шалдығу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 1200 басқа төмендеген.