Павлодар облысында дүкен кассаларының 40% ғана чек береді

Кәсіпкерлер барлығы дерлік бақылау-кассалық машинасымен жабдықталғанымен, тұтынушыларға чек ұсыну көрсеткіші төмен деңгейде деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

 

Күнделікті дүкендегі сауда барысында сатып алушылардың басым бөлігі чекті талап етпейді. Бұл өз кезегінде бұзылған тауарды қайтаруда, тұтынушылар құқығын қорғауға кедергі болады. Павлодар облысында бақылау-кассалық машинасын орнату көрсеткіші 99% құрайды, яғни 39 мыңнан астам салық төлеушілерде онлаин түрде чек беру тетігі бар. Дегенмен, басым бөлігі бұдан бас тартады.

 

-Салық төлеушілер бақылау касса машиналарын сирек қолданатын көрінеді. Сомалары оразан зор болса, касса машинадан өткені тек 40% құрайды. Адамдардан шағымдар түсуде, кассадан чекті бермеу туралы,-деп жеткізді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы Миргүл Мажимова.

 

Бақылау-кассалық машинадан берілген чек төлем жайлы деректерді бірден салық органдарына жіберіп, көлеңкелі экономикамен күреске септігін тигізеді. Айту керек, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы жалғасады.Ол үшін сатып алу жасап, фискалдық чекті «Amian» қосымшасына тіркеу қажет.