Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында екі құс фабрикасы негізсіз жұмыртқа бағасын көтерген

Экономика

78
Монополияға қарсы департамент өкілдерінің сөзіне қарағанда кәсіпкерлер ескерту алғаннан кейін, өнім құнын төмендетуге келісім берді.

Еліміз бойынша оннан астам құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтеру бойынша өзара келісім жасатқан екен. Монополияға қарсы департаменті тексеріс барысында дәл осындай шешімге келіп, кәсіпкерлерге олқылықты жою жөнінде ескерту қағаздарын жолдайды. Жұмартқаны құнын арттырғандар арасында екі жергілікті ұйым бар екен.

 

- Ескерту бойынша «Павлодар Құс» көтерме сауда бағасын 6 теңгеге, ал «Шарбақты Құс» 5 теңгеге түсірді. Осылайша, бағалардың өсімін тоқтатып қана қоймай, оларды арзандату мүмкін болды. Кәсіпкерлер өздеріне осындай әлеуметтік жауапкершілік танытып отыр, - деді ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Павел Баданин.

 

 

Жұмыртқа құны аз болсын төмендегендігі құрғақ уәде ме, әлде рас па, тек қарапайым халық біледі. Павлодарлық тұрғындардың көбісі бір өскен баға еш уақытта төмендемейді деген тұжырымды ұстанды. 

 

- Ол білінбейді ғой! Түсірсе, дұрыстап түсірсін, жобалап. Қымбат расында да, жұмыртқа, - деді павлодарлық тұрғындардың бірі. 

 

 

Айту керек, бағалардың өсімін қадағалау тек, 1-ші санаттағы әлеуметтік маңызы бар жұмыртқа өніміне қатысты. Бұл ретте, тауар құнын арттыруға бел буған фабрикалар, құстарды егу, өткен жылы көптеген шығын болғандығын себеп қылған еді. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()