Павлодар облысында интернет алаяқтығы артқан


Жыл басынан бері Павлодар облысында 1 158 алаяқтық дерегі тіркелген. Көбісі иентернет арқылы жасалған. Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады деп хабарлайдыirbistv.kz.

- 2025 жылдың басынан бері 1 158 алаяқтық дерегі тіркелді, оның 996-сы интернет арқылы жасалған, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінде.

Алаяқтар түрлі әдіс қолданады. Басты мақсат – алдап, арбау арқылы ақша алу. Полицейлер

- Банктер мен ұялы операторлардан келген СМС-кодтарды ешкімге хабарламауға;

- Өзіңіздің банк есепшоттарыңыз бен карта нөмірлері туралы мәліметтерді бермеуге;

- Өз картаңызды басқа адамдарға бермеуге және бөтен адамдардан ақша аударымдарын алмауға;

- Сауда жасамас бұрын интернет-дүкендердің рейтингісі мен олар туралы пікірлерді тексеруге шақырады.

Есте сақтаңыз: банк және полиция қызметкерлері телефон арқылы ақша аударуды және жеке ақпаратты беруге болмайды.

Сонымен қатар:

- Бөтен адамдарға есік ашпауға;

- Бөтен адамдарға ақша бермеуге және айырбастамауға;

- Сауда өкілдерімін деп таныстырған адамдардан тауар мен дәрі сатып алмауға шақырады.

 

Фото: Freepik.com