Павлодар облысында кірістер декларациясын 140 мыңнан астам тұрғын ұсынған
Жалпы 180 мыңнан астам жеке тұлға беруге міндетті екен. Бұл ретте, декларацияны тапсыру мерзіміне өзгеріс енгізілді. Сонымен қатар, қате және толық емес тапсырылғаны үшін азамат жауапқа тартылуы мүмкіндейді irbistv.kz тілшісі
Қазіргі уақытта кірістер туралы декларацияны 140 мыңнан астам тұрғын ұсынып үлгерді. Үшінші кезең аясында декларанттар мен олардың жұбайларының саны 68 мыңнан асады. 46 мыңға жуық жеке тұлға декларация тапсырды, бұл 68 пайызды құрайды. Сонымен қатар, мерзімінде ұсынылмағаны үшін жауапкершілік те көзделген.
- Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер декларацияны тапсырғанда немесе тапсыру мерзімін бұзған болса, онда ескерту жасалады, бір жыл ішінде қайталанғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер толық емес ұсынылса, онда ескерту жасалады, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары
Руслан Рахымберді.
Декларацияны тапсыруға санаулы күндер қалды. Жауаптылар уақытында және дұрыс мәліметтермен тапсыру керектігін еске салды. Мерзімі қыркүйектің 15-і аяқталуы тиіс еді, алайда ағымдағы жылы ол демалыс күніне сәйкес келетіндіктен 16-сына ауыстырылды.