Павлодар облысында күнбағыс майы бір жылда 70%-ға қымбаттаған

Қыркүйек айының өзінде еліміз бойынша күнбағыс майы бірден 0,4 %-ға шарықтаған. Бұл ретте, тауар құнының төмендеуі мүлдем тіркелмеген. Жылдық қымбаттау индексі 66,8%-ды құрады. Бұл ретте, Павлодар облысында бір жыл ішінде күнбағыс майының бағасы 69,9 %-ға өскен. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сәйкес Павлодар облысындағы күнбағыс майының орташа бағасы 727 теңгені құрайды. Өзге өңірлермен салыстырса, Атырауда-849, Ақтауда-827, Нұр-Сұлтанда 820 теңге, ал өнімнің ең арзан құны Петропавл мен Семейде екен.

 

Авторы: Дархан Бекишев