Павлодар облысында көмір бағасы қандай болмақ?

 

Шенеуніктер көмір бағалары 22 500 теңгеден аспайды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодарда көмір сатумен 5 мекеме айналысуда. Бүгін облыс орталығындағы қатты отынның бағасы 13 500 теңгеден 22 500 теңге аралығында. Аталмыш орындарда әлеуметтік осал топтарға жеңілдіктер қарастырылмаған.

 

- Себебі, жыл сайын әлеуметтік-осал топтағы тұрғындарға көмір тегін ұсынылады. Ол үшін көмір мекемелерімен келісім бар. Өтінішті қалдыру үшін әлеуметтік қорғау бөліміне жүгіну қажет,-деді Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Тахир Акулбеков .

 

Шенеуніктер көмір көлемі жылыту маусымына жеткілікті дейді. Кәсіпорындар қосымша тағы жеткізе алады. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда. Әлеуметтік нысандарға қара отынды сәуір айына дейін жеткізеді. Жеке сектор тұрғындарына көмірмен ертерек жабдықталуға кеңес береді.

 

Фото: Freepik.com