Павлодар облысында мамыр айында бағалар қалай өзгерді?

Үлкен өсім көкөністерде байқалған. Қызылша бірден 54,1%-ға, сәбіз– 32,6%-ға, картоп – 7,8%-ға орамжапырақ – 7,2%-ға артқан. Мамандардың есептеулері мен павлодарлықтардың ойы дәл келді.

 

- Сәбіз қымбат, қызылша 480 теңге деген сұмдық қой. Қалтамыз көтермейді. Картоп жеуден қалдық қой. Бағасы удай, жартысын қоқысқа тастайсың, - деді павлодар тұрғындарының бірі.

 

 

- Бәрі өзімізді өседі, ал абғасы қиырдан әкелінген сияқты, - деп ренжіді тағы бір павлодарлық.

 

 

Ал осы уақытқа дейін мезі қылған жұмыртқаның тұрақсыз құны 4,2%-ға төмендеген көрінеді. Тек бірқатар сауда нүктелерінде бар арзан өнім дүкен сөрелерінде тез аяқталады дейді тұрғындар. Сонымен қатар, киім және аяқ-киім бағасы 1,4%-ға, автомобильдер – 2%-ға, жуу және тазалайтын заттар – 1,9%-ға, бензин 0,6%-ға, дизель отыны бағасы – 0,4%-ға қымбаттады.