• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысында мүлкі мен кірістері жайлы декларацияны 26 мыңнан астам адам тапсырған

Павлодар облысында мүлкі мен кірістері жайлы декларацияны 26 мыңнан астам адам тапсырған

 

 

Бұл жалпы санның тек 28% ғана құрайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Биыл заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары да міндетті есеп жасауы тиіс. Жиналған активтер мен мүліктері толықтай белгеленуі тиіс бизнесмендер саны біздің облыста 49 мыңнан асады. Осы күні декларация тапсырғандар бар, бірақ жалпы адам санының жартысына де жетпейді.

 

-Осы күні активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 250 нысанды 9 мыңнан аса адам тапсырды. Ал мүлкі мен кірістер жайлы 270 декларацияны 26 мыңнан астам адам тапсырды. Бұл тапсыруы тиіс адамдардың тек 28% ғана құрайды,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Миргүл Мажимова.

 

Декларация тапсырудың еш қиындығы жоқ. Кірістер департаментінде түрлі бейнелері желіде қолжетімді. Арнайы мобильді қосымша «еSalyqAzamat» та ескерілген. Егер қағаз түрінде жіберетін болсаңыз, 15 шілдеден кешіктірмеу керек. Ал электронды түрде 15 қыркүйекке дейін уақыт берілген. Бірінші ескертуді елемей есепті уақытылы өткізбеген жағдай қайталанса, онда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Қате тапсырғаны анықталса, онда айыппұл — 3 АЕК. Декларация тапсырудың еш қиындығы жоқ. Кірістер департаментінде түрлі бейнелері желіде қолжетімді. Арнайы мобильді қосымша «еSalyqAzamat» та ескерілген. Егер қағаз түрінде жіберетін болсаңыз, 15 шілдеден кешіктірмеу керек. Ал электронды түрде 15 қыркүйекке дейін уақыт берілген. Бірінші ескертуді елемей есепті уақытылы өткізбеген жағдай қайталанса, онда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Қате тапсырғаны анықталса, онда айыппұл — 3 АЕК.

 

Фото: Freepik.com