• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысында пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша 8 іс сотта қаралуда

Павлодар облысында пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша 8 іс сотта қаралуда

 

Бұл туралы жер қатынастары басқармасында мәлімдеді. Бұдан бөлек, жауапты ведомствоарнайы брифингте ауылдықтар үшін өзекті жайылым тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқандығын айтып өтті дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Мал жаюға жер жетпейді деу – айтуға ұят нәрсе. Дегенмен бұндай тапшылық бар, сол себепті соңғы жылдары олқылықты түзету жұмыстары қолға алынған. Ертіс-Баян өңіріне тиесілі жоспарға сәйкес биыл 140 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Осы күні пайдаланылмайтын аумақтың 70,7 мың га қайтарылып үлгерген, бұл жалпы көлемнің тек 50,5%-ын құрайды. Жалпы аграрийлерден жерді меншіктен тартып алу көп жұмысты қажет етеді. Даулы жағдайларда сот арқылы шешуге дейін барады. Басты мақсат - тартып алуда емес, аумақтың ауыл шаруашылығы мақсатымен қолданылуы дейді шенеуніктер.

 

- Бір жыл арасында не қайтару керек, не игеру керек. Мерзім біткеннен кейін құжаттарды жинаймыз, айыппұл салдық.10, 20 % аса алдық. Бәрібір материалдарды жер инспекциясын жолдаймыз. Олар тексеріс өткізіп, сотқа береді.Қазір 8 тексеріс арқылы жердің көлемі 6,7 мың гектарға құжаттар сотта жатыр. Сот оны қарап жатыр,-деді Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов.

 

Ауылдық округтердегі елді мекендердің айналасындағы жайылым тапшылығын азайту негізгі бағыт. Осы орайда, қайта айналымға енгізу шеңберінде 18,6 мың га жер пайдалануға берілді, оның ішінде 11,9 мың га тұрғындардың мұқтаждықтарына арналды. Айту керек, соңғы 4 жылда өңірде мемлекет меншігіне 7,5 мың га жер қайтарылды.