Павлодар облысында сүт өндірісі қандай деңгейде?

Ауыл шаруашылығы басқармасы өңіріміздегі шығарылатын өнімдердің барлығы таза шикі сүттен жасалатындығын айта отырып, сарапшылар дабыл қағып жатқан өсімге сыртқы факторлардың әсер етуі мүмкін екендігін алға тартты.

 

- Баға өсіміне маусымдық факторлар әсер етуі мүмкін, себебі жазғы және қысқы сүт өнімділігі деген екі бөлек. Десе де, бұдан да басқа инфляциялық факторлардың рөлі басым деп ойлаймын. Жағармай, комммуналдық қызмет, электр қуаты бағасының байланысы зор. Шаруа қожалығына қатысты емес себептердің әсері үлкен, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Төлеген Көшербаев.

 

Айту керек, облысымызда сүтті тауарларды шығаратын 35 кіші және ірі фермалар жұмыс жасайды. Биыл тағы 5 сүт фермасын іске қосу жоспарлануда.