Павлодар облысында техникалық маман иелері мен қаржыгер, заңгерлер тапшы

Талаптардың бірі олардың жасы 29-дан аспауы тиіс. Және мамандығын алған соң, 3 жылдың ішінде қатыса алады. Аталған бағдарламаға 182 жұмыс беруші ниет білдіріп, 1222 уақытша жұмыс орынын ұсынған. Қазіргі таңда 112 түлек еңбекке тартылды. Тағы 48-і жоспарда.

 

- Жастар тәжірибесінің ұзақтығы 6 айға дейін. Еңбекақысы 25 АЕК құрайды, яғни 72925 теңге. Мемлекеттен толық әлеуметтік пакет төленеді, - дейді Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы Бақытжан Болатханова.

 

Айта кететіні, жас маманға еңбекақыны мемлекеттен бөлек қалауы бойынша жұмыс беруіші де төлей алады. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс орнына қалдыра алады.  Бүгінде көбіне бағдарламашы, тігінші, шаштараз, бет әрлеушілер еңбекпен қамтылған.

 

- Қазіргі таңда техникалық мамандардың жетіспеушілігі бар. Қаржы мен заңгерлер де өте аз. Көп орындарда оларды еңбек өтілімен қабылдайды, сондықтан жастар тәжірибесі түлектерге тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік, - дейді Бақытжан Болатханова.

 

Жастар практикасына қатысамын деушілерге Бектұров, 115 мекенжайы бойынша жүгінуге немесе 21-54-82 нөміріне хабарласуға болады.

 

 

Авторы: Арнагүл Исабекова