• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 815 пәтер сатып алынбақ

Павлодар облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 815 пәтер сатып алынбақ

 

 

Басым бөлігі Павлодар қаласына тиесілі дейді irbistv.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясындағы бюджетті нақтылауда мәлім болды.

 

Үкіметтің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру барысында облыс депуттары аймақ бюджетін нақтылауды жүргізді. 2024-2026 жылдарға арналған жоба аясында 22,2 миллиард теңгені құрайтын көз қарастырылған. Оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтуға 12,8 миллиард теңге бөлінбек.

 

- Әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесі. Көп жылдан бері алғаш рет жалдамалы тұрғын үйдің 815 дайын пәтерін сатып алу қолға алынады. 500-ге жуығы облыс орталығында, қалғаны бүкіл ауыл, аудандарда, моно қалаларымызда,-деді облыс әкімі Асайын Байханов.

 

Сонымен қатар, 1,3 млрд теңге «Достық» мөлтек ауданындағы тұрғын үй құрылысын жалғастыруға бағытталмақ. Сонымен қатар, қазынаның тағы бір қомақты бөлігі көктемгі егін егу науқанына жұмсалмақ. Аграрийлерді қолдауға 7,2 миллиард теңге көзделген. Бұдан басқа, 196 миллион теңгеге Шарбақты ауданында 6 мектепте ағымдағы жөндеу жоспарлануда. Депутаттар барлық жобаларды қолдады. Енгізілген өзгерістерді ескерумен облыстық бюджеттің нақтыланған көлемі 471,5 млрд теңгені құрайды.

 

Фото:Freepik.com