Павлодар облысында жұмыртқа бағасын 20 %-ға төмендету мүмкін болды

Ол туралы экономикалық тергеулер департаментінде хабарлады. Ведомства ақпараты бойынша талдау жүргізіп, тауар өндірушілермен кездескен соң қымбаттау себебін анықтаған.

Экономикалық тергеулер ақпараты бойынша комиссиялар бірінші қажеттіліктегі азық-түліктің тізіміндегі 19 түрі бойынша бағаларды талдайды. Оның ішінде жұмыртқа да бар. Нәтижесінде тексерушілер бір данасының бағасын 52-ден 42 теңгеге дейін түсіру мүмкін болды дейді.

 

-Өкілетті органдармен бірге бағаларды бақылау және азық-түлік құнын тұрақтандыруға бағытталған бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша анализ жүргізіледі. Тауар өндірушілермен мәселелі сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Жүргізілген шаралар нәтижесі бойынша супермаркеттер желісі өнімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден тікелей алады. Осылайша алыпсатарлық буын жойылды,-дейді Павлодар облысы экономикалық тергеулер департаментінің аса маңызды істері бойынша жедел өкілі Арман Абетанов.

 

Айта кету керек, халық наразылығынан соң супермаркеттерде бірінші категориялы жұмыртқа бағасын 605-тен 484 теңгеге яғни 20 процентке түсірді. Алайда экономикалық тергеулер департаментінде өндірістегі шығындарға байланысты бағасы тағы көтерілуі мүмкін дейді.