Павлодар облысында «Ashyq» қосымшасына қатысушыларының саны күрт артты
- Жаңа алгоритм бойынша кәсіпкер өз ЭЦҚ арқылы InfoKazakhstan порталына кіріп, санитарлық нормаларға акті алады. Сол акт бойынша QR-Ashyk қосымшасына өтініш береді. Ол өтініш қолма-қол қарастырылып кәсіпкерге QR код ұсынылады, - дейді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Мүбәрак Жақыпов.
Қазірдің өзінде қосымшаны 2000-нан астам кәсіпкер пайдалануда. Алдағы бір айда тағы 1000-нан көп кәсіпкер қосылады деген болжам күтілуде. Бұл ретте, өңіріміздің 24 бизнес субъектісіне «Ashyq көшбасшылары» мәртебесі берілді. Кәсіпкерлер палатасы белсенділіктің жоғары екенін айтуда. Ал аталмыш мәртебені алу үшін осы критерийлерді орындау қажет.
- Тамақтану орындары, караоке, компьютерлдік клубтар, лотореялық клубтар, спорт кешендері үшін лидер санына түсу үшін 1000 check-in асуы керек. Ол қала ішінде. Ал егер осы объектілер аудандарда болса онда олардың саны 500 ден асуы тиіс.+ Сауда үйлері, сауда орталықтары олар үшін 25000 астам фиксация өтуі тиіс, - дейді Мүбәрак Жақыпов.
Аутсайдерлер де жоқ емес. Бірақ, олардың саны аз. Нөлдік check-in үшін 16 қатысушы жобадан шығарылды. Олармен мониторингілік топтардың мүшелері түсіндірмелік жұмыстар жүргізуде. Айта кетейін, «Ashyq көшбасшылары» мәртебесінің ұзақтығы - 2 апта.
Авторы: Бекбол Мырзахан