Павлодар облысында «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту басталды

Бүгінде облысымыздың 400 тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін үйренуге кіріскен. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқыту Atameken Academy платформасы арқылы қашықтықтан өтпек.

 

- «Бастау бизнес» жобасы аясында 2017-2020 жылдары 7861 адам оқытудан өтті. Олардың 1204 қатысушысы 200 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болса, 654 жеңілдетілген несие алды. Осы жылы 1250 адамды оқытуды жоспарлап отырмыз, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

 

Болашақ кәсіпкерлер курсы 12 күнтізбелік күннен аспайды. Барлығы - 5 лек. Тыңдаушының қатысуына байланысты тренинг ертерек аяқталуы мүмкін. Оқыту нәтижелері бойынша сертификат беріледі. Сәйкесінше, олар бизнес жобалар құрып мемлекетік гранттарға қатысады.