Павлодар облысының 53 мыңнан астам тұрғыны мүлік салығын төлемеген

Мүлік салығы мерзімін өтеу 1 қазанда аяқталған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

2023 жыл үшін мүлік салығын Павлодар облысында 250 мыңнан аса азамат төлеуге міндетті еді. Жалпы қарыз 330 миллион теңгеден астам соманың басым бөлігі 1 қазанға дейін төленген еді. Дегенмен 53 мыңнан астам облыс тұрғыны 80 миллион теңге қарыз екен. Борышкерлердің басым бөлігі Павлодарда, олар 64 миллион теңге төлеуге міндетті.

 

- Төлемеген жеке тұлғаларға берешегі бар жөнінде хабарламалар жолданды. Хабарламаларды салық төлеуші кабинетіне, болмаса поштаға жіберіледі. Орындау мерзімі 30 жұмыс күні ішінде салығын төлеу қажет,-деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы Миргүл Мажимова.

 

30 күн ішінде төлемеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде салықтық бұйрық шығарылады. Кейін қосымша 5 күн беріледі, бұған да мән бермесе, материалдар сот орындаушыларына жіберіледі. Олар қарызы бар азаматтарға қатысты шекарадан шығуға шектеу қою, банк карталарына бұғат салу, өз қызметтері үшін ақы алу бойынша шараларды қолданады.

 

Фото: Freepik.com