Павлодар облысының бір тұрғыны ай сайын 79 мың теңге жұмсайды

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Өңір тұрғынының ақшалай шығысы бір айда 79 мың теңгеден асады. Павлодарлықтар негізінен табыстарының басым бөлігін тұрғын үй, азық-түлік және балаларының оқуға керек заттарына жұмсайды екен. 

 

- Табысымыз тек балаларға ғана кетеді. Солардың тамағы, мектебі, балабақшасы, киімі, баратын қосымша сабақтары, т.б. - дейді павлодар тұрғындарының бірі.

 

 

Зерттеу бойынша халықтың қаражатын жұмсау бойынша 92,7%-ы тұтыну шығыстарына; 2,1% – туыстары мен таныстарына материалдық көмек, алименттер төлеуге; 5,2% – несие және қарыз, салықтар, төлемдер және басқа төлемақыларды өтеуге кетеді екен. Бұл ретте, табысы ең төменгі күнкөрістің деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,2%-ды құрады.