• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар қалалық мәдениет сарайында металлургтер күнін ауқымды атап өтті

Павлодар қалалық мәдениет сарайында металлургтер күнін ауқымды атап өтті

 

 

Өндіріс озататры құрметке ие болды. Кәсіби мерекемен бірге Павлодар алюминий зауыты мен электр станциясының 60 жылдық мерейтойы атап өтілді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Үздік металлургтерге нағыз жұлдыздарға сай құрмет көрсетілді. Салтанатты жиында ERG компаниясының және оның құрамына кіретін кәсіпорындардың алдыңғы қатарлы қызметкерлерін марапаттады. Қалалық мәдениет сарайына Қазақстан электролиз зауыты және «Қазақстан Алюминийі» АҚ үздіктері жиналды.

 

- Мен Қазақстан Электролиз зауытында 17 жылдан бері жұмыс істеп келемін, алюминий электролиз цехы, газ тазарту бөлімшесінде. Әрине, осы уақыт аралығында мен кәсіби бағытта шыңдалдым. Газды тазарту экология мәселелерін шешеді, мұндағы ауаның таза болуы біздің еңбегіміз, біз газдарды тазартамыз және таза оттегі атмосфераға түседі,-деді "ҚЭЗ" АҚ шаң-газ ұстау қондырғыларының операторы Нұржан Жакупов.

 

- Металлургтің қызметі менің ойымша ең жақсы жұмыс. Ер адамдарға лайықты жұмыс. Оның металлмен, шойынмен жұмыс істеу сияқты жағымды жақтары бар. Бұл біз үшін үлкен мереке, мен барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтағым келеді. Оларға денсаулық, бақыт, еңбектерінде табыс тілеймін,-дейді

"ҚЭЗ" АҚ анодтарды құюш Нұролла Матаев.

 

Өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар, төсбелгілер, дипломдар, алғыс хаттар, Ең бастысы, "Қазақстан алюминийі" АҚ Тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алуға сертификаттар табыс етілді. Павлодар алюминий зауыты мен электр станциясының 60 жылдық мерейтойына орай көшеде металлургтерді тағы бір үлкен тосынсый күтті. 10 жаңа темір тұлпардың біріне Андрей Соколов ие болды. Ол 1983 жылдан бастап "Қазақстан алюминийі"АҚ-да жүргізуші болып жұмыс істейді. Ол күтпеген жерден жасалған тосынсайдан көңілі толқығанын жеткізді.

 

- Менің қуанышымда шек жоқ. Бұрыннан сапарға шыққым келіп жүр еді. Өзімнің бұрынғы көлігіммен жолға шығу қорқынышты болды. Енді жаңа көлігім бар, сапарға шығамын,-деді "Қазақстан Алюминийі" АҚ Камаз жүргізушісі Андрей Соколов.

 

Дүбірлі думан жұлдызды концертпен жалғасын тапты. Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша ең үздік орындаушыларды шақырған. Осы жылы Amre және «Ne prosto orchestra жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлады. 2024 жылғы металлургтер күні тарихта қалары анық. Кәсбіи мереке ауқымды және өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.