Павлодар қаласында туристер форумы өтті
Мұнда ассоциация мүшелері ішкі туризм саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
«Өз елім» туристер қауымдастығына жеке және заңды тұлғалар кіреді. Бұл кәсіпкерлер санаторий-курорттық аймақтар, қонақ үйлер, дәмханалар мен мейрамханалардың иелері. Олардың барлығы Қазақстанда туризмді дамытуға және ондағы сервисті жақсартуға тілек білдіріп отырғандар.
- Осы жоба аясында төрт бағытты іске қостық. Бұл сауықтыру, туризм саласындағы кадрларды дайындау, туристердің өмірін сақтандыру және құқықтық көмек. Бұл біздің туристерге жетпей тұрған төрт бағыт. Сонымен қатар турист мәдениетін дамыту,-деді Қазақстан туристер ассоциациясының Павлодар облысындағы өкілі Бақытжан Ілиясова.
- Қазақстанның түкпір-түкпірінде қаншама жерлер бар. Соның бәрі бізге паш етуіміз керек. Көрсетуіміз керек. Жан – жақтан туризмді дамытуымыз керек. Тартуымыз керек. Шетелден келеді. Болашақ жастарда. Жастарды көп тартуымыз керек,-деді Қазақстан туристер ассоциациясы мүшесі Кенжебек Қосантаев.
Еліміздің түрлі аймағынан жиналған 30 шақты қатысушы бүкіл Қазақстанды аралап шығуды жоспарлауда. Қауымдастық халық арасында ішкі туризмді насихаттап, Қазақстанның санаторий-курорттық кешендері қызметін алға жылжытумен айналыспақ.