Павлодар қаласының паркі 10 жаңа автобуспен толықты

 

 

 

 

Жаңа 12 метрлік үш есікті автобус №1 паркінде тұр. Оның жалпы сыйымдылығы - 85 адам. Ішінде 24 орындық, 8 бейнекамера, климатты бақылумен жабдықталған. Қоғамдық көлік мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барынша ыңғайлы.

 

-Қазіргі уақытта олар техникалық жабдықтаудан өтуде. Құжаттары да ретке келтіріліп жатыр. Барлығын кіші класстағы автобустардың орнына жіберуді жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта, тағы да жаңа автобустар келеді деп күтілуде,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Қайырболат Найманов.

 

Қазір жаңа қоғамдық көліктерге валидаторлар орнатылуда. Желіге ақпанның 5-не қарай шығады. Оларды көп шағым түскен №111 бағытқа жіберу жоспары бар. Айта кетсек, тасымалдаушыларға наурыз айының соңына дейін тағы 40 автобус жеткізу міндеті қойылды. Олардың 20-сы Екібастұз қаласына жіберіледі.