• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар өңірінде тарифтерді көтеру арқылы, коммуналдық желілер ескіруін азайтуды жоспарлауда

Павлодар өңірінде тарифтерді көтеру арқылы, коммуналдық желілер ескіруін азайтуды жоспарлауда

 

 

Департамент басшысының айтуынша жаңа тариф саясаты үш бағытта жүзеге асырылмақ. Павлодар облысы бойынша алпауыттардың инвест бағдарламарына 2023-2026 жылға 39 миллиард теңге бөлмекші болған, енді оны 68 миллиард теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

 

- Бұл табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын ұлғайту, бұл желілер мен жабдықтарды күрделі жөндеу мен жаңарту, коммуналдық сала жұмыскерлерінің жалақысын ұлғайту, бұл кадр тапшылығын жояды, үшіншісі иесіз желілерді алпауыттарға беру нәтижесінде тарифті өзгерту,-дейді Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

 

Тарифтерді 2023 жылдың екінші жарты жылдығында көтеруді жоспарлап отыр. Әзірге нақты сандар жоқ. Барлығы желілердің жағдайы мен алпауыттың өтінімдеріне байланысты болмақ. Тарифтерді қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы кезең-кезеңмен көтереді.

 

-Коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі 2029 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Күрт қымбаттау болмайды. Алпауыттың тарифті қымбаттату туралы өтінімі жеке қаралады. Бұл ретте біз тұтынушылардың әлеуметтік экономикалық жағдайына қараймыз. Әлеуметтік осал топтарды да ескереміз,-дейді Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

 

Павлодар облысы бойынша коммуналдық желінің ескіруі орташа есеппен 68% құрайды. Жылумен қамту 76%, Павлодарда жылу желілері 82%, Екібастұзда 93%, ал Ақсуда 64% ескірген.