Павлодардағы алюминий дивизионы кәсіпорындары ZAVOD FEST ауқымды мерекесін өткізді
«Қазақстан алюминийі» АҚ мен Қазақстан электролиз зауыты металлургтердің кәсіби мерекесінде жұмысшы мамандықтар жылына арналған ауқымды фестивальді ұйымдастырды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Гагарин саябағы демалыс пен мүмкіндіктер кездескен орынға айналды. Павлодарда алғаш рет ZAVOD FEST ауқымды мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мұнда 4 «цех» жұмыс істеді. Ересектер мен балаларды интерактивті аймақтар, квест және ойын-сауық бағдарламасы ерекше қуантты.
- Бұл фестивальді біз тұрғындарға, қызметкерлеріміздің отбасыларына сый ретінде ұйымдастырдық. Ағымдағы жылы біз жұмысшы мамандықтардың қалай өзгергенін көрсету үшін жұмысшы мамандықтарына баса назар аударуымыз да кездейсоқ емес,-деді
ERG бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч.
- Екі кәсіпорын да заманауи, әлеуеті зор. Бүгін біз жастарды барынша тарту үшін осындай үлкен форум ұйымдастырдық. Мұнда біздің кәсіпорындар үшін кадр дайындайтын оқу орындарын көрудің бірегей мүмкіндігі бар. Ал жастарға дұрыс таңдау жасау керек. Біздің кәсіпорындарға көбісі келеді деп үміттенеміз,-деді алюминий дивизионының бас операциялық директоры Владимир Красноярский.
ZAVOD FEST тек ойын сауық емес, мұнда әрбір жан болашақ кәсібін анықтауға мүмкіндік алды. Оқу орындары, колледждер мен білім беру мекемелерінің өкілдері кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс істеді. Сонымен қатар, тұрғындар ERG тобының кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындарымен танысып, рекрутер мамандармен тілдесті. Олар металлургия саласында қызмет туралы ақпарат алды.
- Біздің Президентіміз осы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Сол себепті осындай іс шараларды көбірек өткізу керек. Балаларға көрсету керек жұмысшы мамандықтардың, техникалық мамандықтардың қандай трансформациядан өткенін. Ең бастысы осы мамандықтар экономиканың драйвері болып саналады,-деді ERG сервис орталығының әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Олжас Мамырбаев.
- Біздің зауытта тек қана жұмыс емес, осындай көптеген іс шаралар ұйымдастырылады. Жұмыскерлерге арналған, отбасыларына, балаларына арналған деген сияқты. Өзім осы зауытта жұмыс істегеннен кейін ешқандай қиындығы жоқ. Әрқашан көмектерін аямайды. Сол себептен барлығына, кез келген адамға 18 жастан асқан балаларға оқу бітіргеннен кейін бізде жұмыс істеп немесе оқу оқып жүріп, практика өту арқылы бізде жұмыс істеп жүріп, қалуға болады. Өте көп мүмкіндіктер бар,-деді ҚЭЗ қойма және қосалқы цехының қоймашысы Арайлым Әбди.
Мерекелік концерттік бағдарламасында ERG таланттары да сахнада өз өнерін көрсетті. Ал кеш хэдлайнерлерінің арасында еліміздің танымал жұлдыздары Нұрлан Абдуллин, DEQUINE және DOSE барлығына мерекелік көңіл күйін сыйлады. Фестиваль ERG-дің адам капиталын дамыту, Қазақстандағы жұмысшы мамандықтардың беделі мен тартымдылығын арттыру, бүгінгі тың технологиялар мен дәстүрлі индустриалды мамандықтар арасындағы алтын көпірді нығайтып келе жатқанын тағы бір мәрте паш етті.
